Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 жұқтырған 25 жастағы бойжеткен өз туған күнінде қайтыс болды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: stream.weacom.ru

Ұлыбританияда 25 жастағы бойжеткен өз туған күнінде коронавирус дертінің асқынуынан көз жұмды деп жазады lenta.ru.

Асқазаны ауырып жүрген Клаудия Марш COVID-19 дертін жұқтырғаннан кейін, Англияның Мерсисайд графтығындағы ауруханаға түседі. Туған күнінде жағдайы нашарлап кеткен 25 жастағы бойжеткенді ақ халаттылар құтқара алмаған.

Отбасының айтуынша, бойжеткен тірі кезінде қайырымдылықпен айналысқан. Отбасы JustGiving онлайн-платформасында екі қайырымдылық қорына ақша жинау үшін парақша ашыпты: Whitechapel Centre және Talking Eating Disorders.

Марш қайырымдылық жұмысына белсене атсалысып жүрген екен, атап айтқанда көмекке жиналған заттарды сұрыптауға және орауға көмектесіп жүрген.

Бірнеше күннің ішінде отбасы Марштың атынан екі ұйымға 17000 фунт стерлинг көмек жинап үлгерген. Бойжеткеннің достары мен таныстары парақшада Марштың жақындарына көңіл айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та коронавирус жұқтырған қалыңдық той болатын күні ауыр халге түсіп, көп ұзамай қайтыс болғанын жазған едік

Одан бөлек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өскенін жазған болатынбыз. Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1896078-covid-19-zktyrgan-25-zastagy-bojzetken-z-tugan-kninde-kajtys-boldy/

pixel