Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатып қалған": Көкшетауда көшеден егде жастағы әйелдің денесі табылды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Көкшетау қаласында көшеде қатып қалған егде жастағы әйелдің денесі табылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесі Абылай хан даңғылындағы "Шах" дәмханасының маңынан табылған.

"Денесі табылған әйелдің 1951 жылғы екені анықталып отыр. Қазіргі уақытта оның неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген ведомстовның хабарламасында.

Айта кетейік, Павлодар облысында тас жолда тұтас бір отбасы бұзылған машинада үсіп қала жаздады.Ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Павлодар облысының тұрғыны Павлодар қаласынан отбасымен Ақтоғай облысына қарай жолға шыққан. Жолда температураның тым төмен болуына байланысты ер адамның көлігі істен шыққан.

"Біраз уақыттан кейін тоңа бастадық, тас жолда көліктер болмады және ешкім өтпеді. Бір уақытта мен отбасым үшін қорқа бастадым", – деп мойындады жүргізуші. Бұл отбасының құтқарылу туралы үміттері үзілген кезде патрульдік полиция қызметкерлері келіп, көмекке мұқтаждықтарын сұрады. "Жігіттер тоқтап, көліктің бұзылу себептерін сұрап, ыстық шай беріп, көлікті Ақтоғай өңіріне, тіке үйге қарай сүйреп әкелді", – дейді отағасы.

Жүргізуші полиция қызметкерлеріне 40 градус аязда отбасымен қиын жағдайға қалуға жол бермегені үшін алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1896079-katyp-kalgan-kksetauda-kseden-egde-zastagy-jeldi-denesi-tabyldy/

pixel