Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті індет: Қазақстанда неше өңір "қызыл" аймаққа кірді

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Денсаулық сақтау министрлігі 28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 27 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ.

Яғни, Қазақстанның 6 өңірі мен 2 қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр.

Олар: Ақмола облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал "сары" аймақта Қарағанды облысы орналасқан.

Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – "жасыл" аймақта.

Жалпы Қазақстан аумағы "қызыл" аймақта орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, 26 қаңтар күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жасалған болжамды ұсынған болатын.

Оның сөзінше, эпидемияның шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896093-kauipti-indet-kazakstanda-nese-ir-kyzyl-ajmakka-kirdi/

pixel