Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 ақпаннан бастап Алматыда кинотеатрлар жұмысын тоқтатады

Опубликовано:

Кинотеатр жұмысы
Көрнекі фото: gazeta.ru

Алматыда 1 ақпаннан бастап театрлар мен кинотеатрлардың жұмыс істеуіне тыйым салынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған. 

"Мәдениет объектілерінің, театрлардың, кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды орындауды қамтамасыз ету", - делінген құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр.

28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 27 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни, Қазақстанның 6 өңірі мен 2 қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр.

Олар: Ақмола облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ал "сары" аймақта Қарағанды облысы орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы "қызыл" аймақта орналасқан.

Сонымен қатар, 26 қаңтар күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жасалған болжамды ұсынған болатын. Оның сөзінше, эпидемияның шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896100-almatyda-1-akpannan-bastap-kinoteatrlar-zmys-istemejdi/

pixel