RU

Кінәсін мойындады: Ақтөбеде сотталған азамат инспекторға пара ұсынған

Байлық
Көрнекі сурет: yaroshok.ru

Ақтөбеде пробация қызметінің инспекторын парамен сатып алғысы келген сотталған азамат ұсталды. Күдікті заңсыз әрекеттеріне көз жұму үшін қылмысқа барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында «тонау» бабы бойынша сотталған 30 жастағы ақтөбелік азаматтың пробация инспекторына пара ұсыну дерегінің жолы кесілді", -деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Альбина Ирмағамбетованың айтуынша, пара ұсынған сотталған азамат бұған дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзып келген.

Ол бұрын жасаған қылмысы үшін сот белгілеген міндеттерді орындамаған. Күдікті өзінің заңсыз әрекеттерін "жасыру" үшін және бас бостандығынан айырмау мақсатында сотталған пробация қызметкеріне 30 000 теңге сомасында пара бергісі келген.

"Жауап алу барысында сотталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Оның іс- әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы расталған жағдайда, сот жазаны одан әрі өтеу туралы шешім қабылдайтын болады", - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Алмас Шамишев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896130-kinsin-mojyndady-aktbede-sottalgan-azamat-inspektorga-para-syngan/