Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даниал Ахметов Өскемен әкімінің жұмысын қатаң сынға алды

Опубликовано:

Фото
Фото: Даниал Ахметовтың әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды сынның астына алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы өңір басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы өткен.

Отырыста облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған бірқатар міндет қаралды.

"2019 жылғы деңгейге қарағанда 117,4% өсіммен 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Алайда, Өскемен қаласы бойынша көрсеткіш небәрі 69,8%. Бұл айқын кемшіліктер үшін нақты жеке тұлғалар жауапты екенін атап өткім келеді", - деді Даниал Ахметов.

Ол Өскемен қаласы әкімінің жұмысын сынға алды.

"100% қаржыландыру бола тұра тұрғын үйді іске қоспаған Өскеменге үлкен сын. Сондықтан бұл қала әкімі Жақсылық Омар мен орынбасарым Бақытжан Баяхметовтың жіберген қателігі. Бұған қоса, құрылыс басқармасы мен қала әкімі биылғы қазан айына дейін бір де бір шаршы метр тұрғын үйді іске қосуды жоспарға алмаған. Жұма күні аталған мәселе бойынша тағы жиналыс өтеді, жауапты тұлғаларға толық ақпарат дайындау тапсырылды", - деп жазды өңір басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896159-danial-ahmetov-skemen-kimini-zmysyn-kata-synga-aldy/

pixel