Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар ерлердің әйелдерге қарағанда коронавирустан жиірек қайтыс болуының құпиясын анықтады

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Йель университетінің ғалымдары коронавирустан қайтыс болған ер адамдардың көрсеткіші әйелдерге қарағанда жоғары болуының құпиясын ашты. Бұл туралы РИА Новости агенттігі Science журналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдардың пікірінше, коронавирус дертінің асқыну деңгейіне әсер ететін шешуші факторлар қатарында жыныстық гормондар бар.

Мәселен, әйелдердегі эстроген гормоны SARS-CoV-2 вирусының ағзаға енуіне көмекші болатын ACE2 рецепторын бұғаттай алады екен. Ал ерлердің андроген гормоны болса, керісінше вирустың ағзаға енуін жеңілдетеді екен.

Зерттеушілер мұндай тоқтамға бақылаулар жүргізу барысында келген.

Сондай-ақ ауруға төтеп берудегі тағы бір маңызды фактор - әйелдерде иммундық реакцияны реттейтін негізгі гендерден тұратын екі Х хромосомасының болуы.

Кей жағдайларда екі хромосома да бір мезгілде іске қосылып, туа біткен иммундық жүйенің белсенділігін арттыра алады.

Осылайша аурудың алғашқы сатысында иммундық жүйе дереу қоздырғыштарды анықтай алады.

Ал 60 және одан жоғары жастағы ер адамдар коронавирусқа қарсы алғашқы иммундық жауапты қалыптастыру қабілетін жоғалта бастайтын көрінеді.

Оның орнына ерлердің ағзасында көбінесе шектен тыс компенсаторлық реакция пайда болып, бұл өз алдына аурудың асқынуына әкелетін болып шықты.

Ғалымдар бұл факторлардың барлығы ер азаматтардың коронавирустан өлімге душар болу қаупін жоғарылата түседі дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896190-galymdar-erlerdi-koronavirustan-ziirek-kajtys-boluyny-kpiasyn-anyktady/

pixel