Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жылу батареясына аунап кеткен алты айлық бала қатты күйіп қалды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда алты айлық бала үлкендердің қарауынсыз қалып, қабырғада тұрған жылу батареясына қарай домалап кеткен. Салдарынан қыз баланың жамбасы мен бел жағы қатты күйіп қалған. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы хабарлады деп жазады "Прикаспийская коммуна".

Балалар ауруханасындағы күйік бөлімінің меңгерушісі Руслан Жанбекеевтің сөзінше, алты айлық қыз бала екінші дәрежелі "В" күйігін алған.

Нәрестеге пластикалық ота жасалған. Бала бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан.

Қазір сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне шығуға дайындалуда.

Басылымның жазуынша, бүгінде бөлімде әртүрлі күйік шалған 20 шақты бала жатыр.

Дәрігерлер күйіктің адам өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті екенін айтып, ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Еске сала кетсек, Маңғыстау облысында дәрігерлер үш айлық сәбидің жұтқыншағынан динозавр пішінді әшекейді алып тастаған болатын.

Ақ халаттылар баланы ұйықтатып әшекей бұйымды нәрестенің жұтқыншағынан эндоскопиялық әдіспен алған.

Одан бөлек, Ақтауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық нәрестені құтқарып қалған еді.

9 қаңтарда сәби Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Оған "мидағы қан айналымының өткір бұзылысы" (жаңа туған балалар инсульті) диагнозы қойылған.

Екі айлық балада бас миының қабынуы, дислокациялық синдром және І-ІІ деңгейдегі кома тіркелген. 

Сәбидің жағдайын ауруханаға түскеннен кейін бір күннен соң тұрақтандыру мүмкін болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896204-atyrauda-zylu-batareasyna-aunap-ketken-alty-ajlyk-balany-katty-kjip-kaldy/

pixel