Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда облысында өлі құрттар табылған құрманы базарда сатуға рұқсат берді

Опубликовано:

Құрма
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Атыраудағы қоймалардың біріне Әзербайжаннан әкелінген құрма партиясын тексеру кезінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің қалалық аумақтық инспекциясының қызметкерлері карантиндік зиянкес - Комсток құртын тапты.

Бұл зиянкес көп жеміс-жидек дақылдарын бүлдіруі мүмкін, жиналған өнімнің жартысына жуығын жоқ қылады деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

"Бүлінген өнім көлемі 18,6 тонна. 1,2 мм-ге дейін көлемдегі құрттар өлі болып шықты, сондықтан құрманы Атырау базарларында сатуға рұқсат берілді", - дейді қалалық инспекция басшысы Шолпан Жұмахметова.

Соңғы рет 2017 жылы Өзбекстаннан әкелінген құрмаға құрт түскені анықталды. Личинкалар тірі болған, сондықтан өнім сатылымға шығарылмай, кері Өзбекстанға жіберілген.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанға Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақ алып келуге уақытша шектеу енгізді. Шектеу 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап күшіне енген.

Министрліктің мәліметінше, Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталған.

Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізген.

Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылы өсімінің 30-70 пайыз төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896207-atyrauda-oblysynda-li-krttar-tabylgan-krmany-bazarda-satuga-rksat-berdi/

pixel