Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ елімізде коронавирустан көз жұмған жасөспірім туралы айтты

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Әсел Артақшінова елімізде 16 жастағы қыздың коронавирустан көз жұмғанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның мәліметінше, жасөспірім қыз 2020 жылғы 9 шілдеде Ақмола облысының көп бейінді облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде қайтыс болған.

"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің сараптама нәтижелері бойынша: қыз баланың бала кезінен мүмкіндігі шектеулі екені, эндокринологтың, невропатологтың және психиатрдың диспансерлік есебінде тұрғаны анықталды.

Науқасқа қойылған қортынды диагноз: коронавирустық инфекция, ауыр түрі. Өкпе тінінің 75 пайыздан астамы зақымдануы екі жақты полисегментті пневмония", - дейді ол.

Артақшінованың сөзінше, науқаста Дауна синдромы, семіздік, темір жетіспеушілігінен болған анемия, қант диабеті сынды көптеген созылмалы ауру болған.

"Пациент өзін-өзі үйде 10 күндей емдегеннен кейін ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Содан кейін 9 тәулік өкпені жасанды желдету аппаратына жатқызылды. Тағайындалған патогенездік және симптомдық терапия "коронавирус инфекциясын" диагностикалау және емдеу хаттамасына сай жүргізілді", - дейді Әсел Артақшінова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896237-densaulyk-saktau-ministrligi-kazakstanda-covid-19-dan-kz-zmgan-bala-turaly-ajtty/

pixel