Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көлікті заңсыз түрде айдап әкеткен азамат ұсталды (видео)

Опубликовано:

Шымкентте көлікті заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстау
Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласының полицейлері көлікті аңсыз айдап әкеткен күдікті азаматты құрықтады деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 13:51 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісі Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан автотұрақта тұрған “Ауди” маркалы автокөлікті заңсыз айдап әкеткен тұлғаны анықтау және ұстау үшін патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдерге бағдар берген.

Арада шамамен 20 минут өткенде Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің 9-рота қызметкерлері Ерлан Қалдаров, Аманғали Түйешиев және Айбек Қасымовтар Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында іздеудегі автокөлікті анықтады.

Ұстау барысында жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып, полицияға жеткізілді. Автокөлік алынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аягөзде учаскелік полицей 89 жастағы әжейді өлімнен арашалап қалғанын жазған болатынбыз. Ол қарияның үйінен қара түтін шығып жатқанын байқап, бірден оны құтқаруға кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1896238-symkentte-klikti-zasyz-trde-ajdap-ketken-azamat-staldy-video/

pixel