Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын ЭКҰ үшін қолдануға рұқсат етілді

Опубликовано:

Фото
Фото: pexels.com

"Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова Facebook парақшасында жүргізген тікелей эфирі кезінде маңызды мәлімдеме жасады. Ол қазақстандықтарға енді зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын ЭКҰ процедурасы (экстракорпоральды ұрықтандыру) үшін алуға рұқсат етілетінін хабарлады.

Ибрагимованың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын шешуге рұқсат етілген медициналық қызметтер қатарын толықтырды. Енді онда сегізінші болып, қосалқы репродуктивті әдіс-тәсілдер мен технологиялар қосылды. Оның ішіне ЭКҰ процедурасы да кіреді.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін берілетін зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталған болатын. Алғашқы күні-ақ enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында өтініш бергендер саны 11 мыңнан асып түскен болатын.

Сонымен қатар, отандастарымыздың зейнетақы жинағынан мерзімінен бұрын алған ақшаны көбіне қайда жұмсауға жоспарлап отырғаны белгілі болды. "Отбасы банкі" басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтың айтуынша, азаматтардың көпшілігі бұл қаражаттың көмегімен тұрғын үй мәселесін шешуді қалайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін алу мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Соған орай, президент тұрғын үй төңірегіндегі бағаның өсуі мен дүрбелеңге жол бермеу қажеттігін айтты. Ол Қазақстанда тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1896260-zejnetaky-zinagyn-ek-sin-koldanuga-rksat-etildi/

pixel