"Аэрофлот" ұшақтары еліміздің 7 қаласына сәуірдің соңына дейін ұшпайтын болды
Опубликовано:

Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанның жеті қаласына қатынайтын ұшақтардың шектеу мерзімін тағы ұзартты деп хабарлайды деп хабарлайды Астана арнасы.
Нақтырақ айтсақ, Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларына қатынайтын ұшақтар сәуір айының соңына дейін ұшпайтын болды.
Оған COVID-19-ға байланысты енгізіліп жатқан шектеулер себеп деп көрсетеліген, компанияның ресми сайтында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Аэрофлот" ұшақтары Мәскеуден тек Нұр-Сұлтан қаласына ғана қатынап жүр.
Әуе компания сайтында немесе байланыс орталығында, аталған бағыттар бойынша билет сатып алған жолаушыларға билет құнын қайтару, қолданыстағы қағидаларға сәйкес автоматты түрде жүзеге асырылады.
Ал "Аэрофлот" кеңсесінен немесе агенттіктерден сатып алғандар ақшасын қайтару үшін сол алған жеріне хабарласуы қажет.
Ә.Өмірзақ
Айта кетейік, бұған дейін сауда министрлігіне қарасты Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air әуекомпаниясын бесінші рет сотқа бергенін хабарлаған едік.
Іс әуе компаниясынан билет сатып алған, бірақ 2019 жылғы әуе апатына байланысты оларды пайдаланбаған қазақстандықтарға ақшаны қайтаруға байланысты болып отыр.
Ведомство сотта 62 адамның мүддесін қорғамақ. Арыз бойынша талап етілген жалпы сома - 3,5 млн теңге. Заңға сәйкес, арыз бойынша сот екі ай ішінде аяқталуы керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896269-aeroflot-saktary-elimizdi-7-kalasyna-suirdi-soyna-dejin-spajtyn-boldy/