Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыс орнында төбелескен шымкенттік полицейлер қызметінен қуылды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкентте жұмыс орнында төбелескен полицейлер қызметтен қуылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, төбелес түнгі сағат бір шамасында Шымкенттің орталығындағы полиция дүңгіршегінде болған.

Бір ауысымда істейтін қос полицейдің не бөлісе алмай қалғаны белгісіз.

Олар тар дүңгіршектің ішінде бір-бірінің жағасына жармасып алысқан көрінеді.

Бұл сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған соң полиция департаменті бірден қос қызметкердің ісін тәртіптік кеңесте қараған.

Алысқан әріптестер бір-біріне нағашы мен жиен болып келеді екен. Тәртіп сақшылары жай ғана ойнағандарын айтыпты.

Алайда тәртіптік кеңес полицияның имиджіне нұқсан келтіргені үшін екеуін де жұмыстан босатып, резервке қойған.

Дереккөз КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Аягөзде учаскелік полицейдің 89 жастағы әжейді өлімнен арашалап қалғанын жазған едік.

Белгілі болғандай Айбек Бурмантаев өзіне бекітілген аумақта профилактикалық шаралар жүргізіп жүріп, Шәкенов көшесінің біріндегі үйден қою қара түтін шығып жатқанын байқаған.

Еш ойланбастан үйге кірген тәртіп сақшысы бөлмелердің бірінде ұйықтап жатқан әжейді байқап, тез арада сыртқа шығарған.

Сонымен қатар ақтөбелік полицей Дастан Сұлтанғазиевтің немерелерімен тұрудан бас тартып, далада қалған 80 жастағы әжейге қамқорлық танытқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1896270-zmys-ornynda-tbelesken-symkenttik-policejler-kyzmetinen-kuyldy/

pixel