Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген күдіктінің видеосы Қазнетті шулатты

Опубликовано:

түрме
Көрнекі фото: elgezit.kg

Қазнетте абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген күдіктінің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын келтірді деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Көпшілік мұны Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау абақтысында болғанын айтуда.

Телеарнаның жазуынша, желіні шулатқан видеодан полиция қызметкерінің қасындағы күдіктінің емін-еркін абақты камераларын аралап, отыратын жерін таңдап жүргенін байқауға болады.

Желі қолданушыларының сөзіне сенсек, бұл адам осыдан аз уақыт бұрын Қылмыстық кодекстің "пара алу" бабы бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болуы мүмкін.

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растамаған, тіпті жоққа да шығармаған. Қазір зерттеп-зерделеу жұмыстары басталып кеткенін ғана жазбаша түрде хабарлаған.

"Қазіргі уақытта жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тергеу басталды. Бейнежазбаның шығу дерегі зерделенуде", - дейді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Шамшидин Амитов.  

М. Тоқтасынқызы

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте жұмыс орнында алысқан полиция қызметкерлері қызметінен босатылған еді.

Мәселелері тәртіптік кеңесте қаралған тәртіп сақшылары полицияның имиджіне нұқсан келтіргені үшін жұмыстан босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896276-abaktyda-otyratyn-kamerasyn-tadap-zrgen-kdiktini-videosy-kaznetti-sulatty/

pixel