Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Комаровский балаларға жасалатын дәстүрлі емнің қауіпті түрін атады

Опубликовано:

Евгений Комаровский
Евгений Комаровский. Фото: persona.top

Дәрігер әрі тележүргізуші Евгений Комаровский дәстүрлі медицинаның балалар үшін қауіпті түрін атады. Бұл туралы ол өзінің YouTube-тегі арнасында айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрігердің айтуынша, ыстық картопты балаға ингаляция жасау үшін қолдану оның денсаулығына орасан зиян келтіруі мүмкін.

"Ыстық картоппен ингаляция жасағаннан кейін тыныс алу жолдары күйіп қалған балалардың қаншасы ауруханаға келіп түсіп жатқанын өз көзіңізбен көрсеңіз, сіздің төбе шашыңыз тік тұрар еді", - дейді дәрігер.

Комаровский бұл емдеу әдісі тиімсіз екенін және өркениетті елдерде оған тыйым салу керектігін алға тартты. Ол балаларына картоппен ингаляция жасайтын ата-аналарды өз баласын белбеумен сабайтын ата-аналарға ұқсатты.

"Бұл екі жағдайды да бірдей қылмыс деп атар едім", - дейді дәрігер.

Еске салсақ, бұған дейін Евгений Комаровский коронавирус жұқтырған адамды анықтаудың оңай тәсілін айтып берген еді.

Дәрігер өзінің telegram-арнасында иіс пен дәм сезу қабілетінің жоғалуы COVID-19 індетінің айқын белгілері екенін атап өтті.

"Сондықтан да дәл осы белгілерді диагностикалық деп есептеуге болады. Бұл кез келген термометриядан нақты", – деді Комаровский.

Одан бөлек, танымал педиатр кейбір адамдарда коронавирусқа қарсы туа бітті иммунитет болатынын айтқан болатын.

Оның сөзінше, мұндай иммунитеттің механизмі әзірге түсініксіз. Мұндай адамдардың қанында коронавирусқа қарсы антидене жоқ. Дегенмен, Коморовскийдің айтуынша, олар ауырмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1896282-komarovskij-balalarga-zasalatyn-dstrli-emni-kauipti-trin-atady/

pixel