Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде дауыл салдарынан ғимараттың шатыры опырылып түсті (видео)

Опубликовано:

Шатыр құлады
Видеодан кадр: instagram.com/zhanaozen_online

Жаңаөзен мен Теңге ауылында 28 қаңтарда болған дүлей дауыл салдарынан ғимараттардың шатыры опырылып қалды деп хабарлайды inAкtau.

Қолайсыз ауа райының салдарынан болған жайттың видеосы Instagram желісіндегі zhanozen_online парақшасында жарияланған.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, табиғаттың тосын мінезінен ешкім зардап шекпеген.

"Өркен" шағынауданындағы төрт қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай қирады, шамамен 70 шаршы метр. Үйдің жалпы аумағы 100 шаршы метр. Ғимарат 1986 жылы салынған", - дейді ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров.

Ал Теңге ауылындағы желден №2 емхананың шатыры қираған. Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, мұнда да зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

"Ғимарат 1997 жылы салынған, 2017 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әкімдік өкілдерімен комиссия құрылды, олар оқиға орнында барды" - дейді ведомство өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының полицейлері карантин талаптарын елемей, үйлену тойын жасаған мейрамхананы анықтаған болатын.

Мұнайлы ауданында карантин талаптарының сақталуын бақылау бойынша рейдтік шаралар жүргізу барысында тәртіп сақшылары 350 адам қатысқан тойды тоқтатып, тойхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Сол күні мониторингтік топ аудандағы тағы алты мейрамханада болып жатқан үйлену тойын тоқтатып, қонақтар үйлеріне қайтарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896292-zaazende-dauyl-saldarynan-gimaratty-satyry-opyrylyp-tsti-video/

pixel