Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Португалия азаматтардың шетелге шығуына тыйым салды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: Mike Hewitt/Getty Images

Португалия үкіметі коронавирустың таралуын болдырмау үшін Испаниямен шекарасын жабуға шешім қабылдады. Алдағы екі аптада азаматтардың шетелге шығуына да шектеу қойылған деп хабарлайды Euronews.

Басылымның жазуынша, қаулы 29 қаңтарда күшіне еніп, шектеулер екі аптаға созылады. Сонымен бірге алдағы 14 күнде азаматтар елден кете алмайды.

Эпидемияға қарсы күрес шаралары тек адамдардың қозғалысына қатысты емес. Жаңа қаулы бойынша зейнетке шыққан дәрігерлерді ауруханаларда жұмыс істеуге жұмылдыру көзделген.

Португалия билігі елде соңғы күндері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына алаңдаулы.

Мәселен, өткен тәулікте 303 пациент COVID-19-дан қайтыс болған. Бұл пандемия басталғалы бері тіркелген Португалиядағы ең үлкен көрсеткіш. Сондай-ақ 24 сағат ішінде 16 432 адамнан коронавирус анықталған.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 1469 адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған еді. Ал жалпы ел бойынша ауру жұқтырғандар саны 183 999-ға жетіп отыр.

Айта кетсек, отандық иммунологтар коронавирусқа қарсы вакцинаны қандай жағдайда салдыруға болмайтынын айтқан еді.

Мамандардың сөзінше, тұмауға шалдыққан және созылмалы ауруы ушыққан азаматтар вакцина салдыруға асықпағаны дұрыс.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болған және инкубациялық кезеңдегі азаматтар да вакцина салдырмағаны жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896320-portugalia-azamattardy-setelge-syguyna-tyjym-saldy/

pixel