RU

Ақтауда жезөкшелікпен айналысатындарға көмектескен полицей 12 жылға сотталды

Жезөкше
Көрнекі фото: Fotolia / Photographee.eu

Ақтауда жезөкшелікпен айналысатындарға көмектескені үшін кінәлі деп танылған тәртіп сақшысы 12 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды "Хабар 24".

Іс материалдарына сәйкес, полицей жезөкшелікпен айналысатын адамдар тобына көмектесіп келген.

Олардың заңбұзушылық әрекеттеріне көз жұмып келген тәртіп сақшысы олардан алты ай бойы 500 мың теңге ашқа алып келіпті. Осылайша, параның жалпы сомасы 3 млн теңгені құраған.

Сот шешімімен кінәлі деп танылған тәртіп сақшысы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.

"Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған: қылмыстық топ құрып, оны басқару және пара алу. Ол өзінің әрекетін жасыру үшін алған ақшасын туыстарының банктік шоттарына аударып отырған", - дейді Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісі Әли Абдулов.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жұмыс орнында төбелескен полицейлер қызметтен қуылғанын жазған едік. Төбелес түнгі сағат бір шамасында Шымкенттің орталығындағы полиция дүңгіршегінде болған.

Бір ауысымда істейтін қос полицейдің не бөлісе алмай қалғаны белгісіз. Олар тар дүңгіршектің ішінде бір-бірінің жағасына жармасып алысқан көрінеді.

Одан бөлек, Қазнетте абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген күдіктінің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын келтіргенін жазған болатынбыз.

Көпшілік бұл жайттың Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау абақтысында болғанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896323-aktauda-zezkselikpen-ajnalysatyndarga-kmektesken-policej-12-zylga-sottaldy/