RU

Елімізде тағы бір модульдік ауруханаға қатысты тергеу жүріп жатыр

аурухана
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тағы бір модульдік ауруханаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Әңгіме Шымкенттегі құны 5,5 миллиард теңге тұратын аурухана жайында деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Модульдік ауруханаларға қатысты біздің агенттікте екі іс қаралып жатыр. Тек Алматыда ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласында да тергеу жүргізілуде.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінің қортындысы бойынша белгілі бір сома анықталды және сараптамалар тағайындалды. Олар аяқталғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Бұл бастапқы сома болып табылады, ол сарапшылардың қарауында.

Мемлекеттік сараптама жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады, сондықтан нақты қаражаттың көлемін біз тек тергеу нәтижесінің қортындысынан кейін айта аламыз.

Әр аурухананың құны 5,5 миллиард теңгені құрайды. Жымқыру фактісі дәлелденетін болады, қазір процессуалдық іс-қимылдар жүріп жатыр, күдіктілер жоқ", – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің басшысы Мұрат Ахметов.

Агенттік құрылыс кезінде жобалық-сметалық құжаттама бойынша бағаларды заңсыз асыра көтеру фактісін тексеруде және сараптамалар жүргізілуде.

Сараптамалар 1-2 айға созылуы мүмкін, содан кейін күдіктілер анықталады.

Еске салсақ, бұған дейін агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған жетекшілердің санын айтқан еді.

Олардың қатарында әкімдер, судьялар, елшілер мен жауапты хатшылар да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896335-elimizde-tagy-bir-moduldik-auruhanaga-katysty-tergeu-zrip-zatyr/