RU

Алматыға блок-бекеттер қайта орнатыла ма

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыға блок-бекеттер қайта орнатылмайды. Қаланың бас санитар дәрігеі Жандарбек Бекшин осындай шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі ауру деңгейі Алматы қаласының периметрі бойынша блок бекеттер орнату мен әуе қатынастарын шектеуді білдірмейді. Қоғамдық көлік штатты режимде жұмыс істейді. Қазіргі шектеу шаралары инфекцияның тарауына жол бермеу үшін жеткілікті" ,- деді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тағы бір модульдік ауруханаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Әңгіме Шымкенттегі құны 5,5 миллиард теңге тұратын аурухана жайында болып отыр.

"Модульдік ауруханаларға қатысты біздің агенттікте екі іс қаралып жатыр. Тек Алматыда ғана емес, сонымен қатар Шымкент қаласында да тергеу жүргізілуде. Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінің қорытындысы бойынша белгілі бір сома анықталды және сараптамалар тағайындалды. Олар аяқталғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл бастапқы сома болып табылады, ол сарапшылардың қарауында. Мемлекеттік сараптама жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады, сондықтан нақты қаражаттың көлемін біз тек тергеу нәтижесінің қортындысынан кейін айта аламыз. Әр аурухананың құны 5,5 миллиард теңгені құрайды. Жымқыру фактісі дәлелденетін болады, қазір процессуалдық іс-қимылдар жүріп жатыр, күдіктілер жоқ", – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің басшысы Мұрат Ахметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896403-almatyga-blok-beketter-kajta-ornatyla-ma/