Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин кинотеатрлар жұмысына не себепті шектеу қойылғанын түсіндірді

Опубликовано:

кинотеатр жұмысы
Көрнекі фото: lenta.ru

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин кинотеатрлардың жұмысына қойылған талаптарды түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналистер кинотеатрларға онсыз да аз келетін адамдар қаладағы эпидемиологиялық ахуалға қалай ықпал ететінін сұрады.

"Бізде ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бар. Ол қаулыда белгілі бір өңірлердің "қызыл" немесе "жасыл" аймаққа кіргеніне байланысты шектеу шаралары тағайындалған. Оның барлығы регламенттелген. Бұл жағдайда "қызыл" аймақтағы өңірлерде орналасқан кинотеатрлар мен театрлардың жұмысына шектеу қойылады. Біз бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын орындауымыз тиіс. Оны жеңілдетуге қақымыз жоқ", – деді Жандарбек Бекшин.

Айта кету керек, Алматы қаласының "қызыл" аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын.

Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді.

Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес енді коронавирус жұқтырған адамдар ауруханаға жатып емделеді.

Одан бөлек, ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуіге тыйым салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896432-beksin-kinoteatrlar-zmysyna-ne-sebepti-sekteu-kojylganyn-tsindirdi/

pixel