Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада түрмеге жеткізілген торттың ішінен су жаңа телефон табылды

Опубликовано:

тортпен телефон кіргізген
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің тексеру тобы сотталушыға тыйым салынған затты өткізу дерегінің жолын кесті деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтың туысқаны әкелген тағамның, атап айтқанда торттың ішінен ұялы телефон табылып, тәркіленген.

Бастапқыда бүтін секілді көрінген кондитерлік өнім арнайы құрылғы - металлодетектормен тексеру барысында сыр беріпті.

Торт сәлемдеме келген сотталушының көз алдында туралып, оның ішінен тыйым салынған зат – су жаңа ұялы телефон алынған.

Бұл факт бойынша жазасын өтеушіні және “тәтті сыйлықты” жеткізген азаматты жауапкершілікке тарту үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда кәуап дайындайтын дәмханада жаппай төбелес болғаны туралы жазған едік. Жанжалға қыз бен жігіттің есеп айырыспай кетуге оқталғаны себеп болған.

Instagram-дағы qumash_kz паблигінде елордадағы дәмханалардың бірінде түсірілген видео жарияланды.

Қыз бен жігіт дәмханаға кәуап жеуге келген. Алайда есеп айырыспай, кетіп қалмақ болыпты. Шыға берісте қос ғашықты дәмхананың әкімшісі тоқтатып, ақша төлеуді сұраған. Мұның арты жаппай төбелеске ұласады. Дәмхана қызметкерлеріне аспазшы да көмекке жүгірген.

Видеодан қыздың тапаншаға ұқсас затпен персоналды қорқытқанын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896459-elordada-trmege-zetkizilgen-tortty-isinen-su-zaa-telefon-tabyldy/

pixel