RU

Павлодарда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кетті

Лифт
Көрнекі фото: iz.ru

Павлодарда қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кеткен ер адамды құтқарушылар шығарып алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

"Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде", - дейді ведомствода.

"Сарыарқа" қонақ үйі әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.

Айта кетейік, Алматыда бір топ қоғам белсендісі Жас Қанат шағын ауданында мемлекет жалға беретін көп пәтерлі дайын тұрғын үйлердің әлі бос тұрғанын айтып жатыр. Қоғам белсенділері жаңа тұрғын үйден хабарландыру бойынша пәтер жалдауға болатынын да анықтаған.

Алматылық белсенді аналар тобы аталған шағын ауданда болып, қолданысқа берілген үйлердің неліктен әлі бос тұрғанын анықтауға тырысты. Қоғам белсенділері Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысына кіріп, мәселенің анық-қанығын білгенін де алға тартты.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасымен байланысқа шығып, аталған жағдай бойынша пікір білдіруін сұрады. Әкімдіктің баспасөз қызметі портал сауалына жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896460-pavlodarda-er-adam-konak-jdegi-lifti-sahtasyna-klap-ketti/