Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райының бұзылына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, 30 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлерінде қалың тұман түседі.

Қарағанды облысының да кей жерлерінде тұман болады деп күтіліп отыр. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады, дейді ауа райын болжаушылар. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с күшейеді.

Мамандардың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, қөктайғақ болады.

Маңғыстау және Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Жамбыл облысында да тұман болады, дейді мамандар. Өңірдің кей жерлерінде 1-2 ақпанда көктайғақ болады деп күтілуде. 30 қаңтар-1 ақпан аралығында желдің екпіні 23-28 м/с артуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896471-elimizdi-birnese-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel