Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Опубликовано:

Бетперде23
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 1370 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 185 369 жетті деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Өткен тәулікте коронавирус анықталғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 139

Алматы қаласы - 90

Шымкент қаласы - 17

Ақмола облысы - 205

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 83

Атырау облысы - 31

Шығыс Қазақстан облысы - 67

Жамбыл облысы - 27

Батыс Қазақстан облысы - 91

Қарағанды облысы - 81

Қостанай облысы - 110

Қызылорда облысы - 11

Маңғыстау облысы - 11

Павлодар облысы - 267

Солтүстік Қазақстан облысы - 115

Түркістан облысы - 19

Сонымен қатар өткен тәулікте 1 452 адамның індеттен жазылғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 27 403 адам короновирустан емделуде.

Олардың ішінде 6 430 пациент стационарда, 20 973 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

265 адамның жағдайы ауыр, 61 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 43 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 28 қаңтардағы мәлімет бойынша осы диагноз тағы 70 адамға қойылып, 2 жағдай өліммен аяқталған. 95 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 47 787 адам COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырған. 566 науқас көз жұмған. 35 605 адам жазылып шыққан.

Еске сала кетейік, елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896472-tken-tulikte-elimizde-koronavirus-zktyrgan-tagy-1370-adam-belgili-boldy/

pixel