Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Ресей мен Түркияға әуе рейстерінің санын көбейтеді

Опубликовано:

Ұшақ58
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Ресей және Түркиямен тұрақты рейстер санын ұлғайтады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Telegram-да хабарлады.

"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сәйкес Ресеймен тұрақты жолаушылар рейстерін әр тараптан аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін, сондай-ақ Түркиямен түрік тарапынан Анталья – Алматы бағыты бойынша аптасына 1 рейске ұлғайтуға рұқсат беріледі.

Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстер ұлғайтылғаннан кейін, ресейлік тараптың келісімін ескере отырып, әуе қатынасы әр тараптан Нұр-Сұлтан – Мәскеу (аптасына 2 рейс) және Алматы – Мәскеу (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша аптасына 3 рейстен орындалатын болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады", - дейді ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанның жеті қаласына қатынайтын ұшақтардың шектеу мерзімін тағы ұзартқан еді.

Нақтырақ айтсақ, Мәскеуден Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларына қатынайтын ұшақтар сәуір айының соңына дейін ұшпайтын болды. Оған COVID-19-ға байланысты енгізіліп жатқан шектеулер себеп деп көрсетеліген, компанияның ресми сайтында.

Қазіргі уақытта "Аэрофлот" ұшақтары Мәскеуден тек Нұр-Сұлтан қаласына ғана қатынап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896519-kazakstan-resej-men-trkiaga-ue-rejsterini-sanyn-kbejtedi/

pixel