RU

Алматы коронавирус бойынша "жасыл аймаққа" енді

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласы коронавирус дертінің таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймаққа кірді.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналында жарияланды.

31 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус дертінің талару жағдайы келесідегідей:

"Қызыл" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстары;

Барлық басқа өңірлер жасыл аймақта.

Жалпы, Қазақстанның өзі "қызыл" аймақта.

Еске салайық, жақында Нұр-Сұлтан және Алматы коронавирустың таралуы бойынша"қызыл" аймақтан шыққан болатын.

Сонымен қатар, өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 186711 адамға жетіп отыр.

Одан бөлек, қазақстандық ғалым, PhD, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Болат Сұлтанқұлов COVID-19 індетін жылдам анықтайтын тест құралын әзірлегені белгілі болды.

Бүгінде экспресс тест зертханалық сынақтан сәтті өтіп, ендігі уақытта клиникалық сынақтан өткізілетін болады.

Болаттың айтуынша, оған экспресс тест ойлап табу идеясы пандемия өршіп, коронавирус індетінен адамдар қайтыс бола бастағанда келген. Коронавирус індетін анықтайтын экспресс тестті әзірлеуге ғалымның 6 ай уақыты кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896532-almaty-koronavirus-bojynsa-zasyl-ajmakka-endi/