Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтс өзінің пандемияға қатысы бар деген мәліметті тағы да жоққа шығарды

Опубликовано:

Билл Гейтс
Билл Гейтс. Фото: Jack Taylor/Getty Images

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс вакцинация туралы қауесеттер коронавирус эпидемиясын ұзартуға себеп болуы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Сонымен бірге ол өзінің пандемияға қатысы бар деген мәліметті тағы да жоққа шығарды деп хабарлайды РИА Новости.

Миллиардер Suddeutsche Zeitung неміс басылымына сұхбат берген.

"Адамдар қарапайым шешімдер іздеп жатса бұл үлкен дабыл. Олар пандемияның артында әлдекім тұрған жоқ па деген сұрақ қояды", - дейді ол.

Кәсіпкер оның қоры адамдардың вакцинаға деген сенімсіздігімен бетпе-бет келгенін атап өтті.

"Пәкістан немесе Нигерия сияқты елдерде полиомиелитке қарсы күрес кезінде вакцина қауіпті және әйелдердің бедеулігін тудырды деген қауесет тарады", - дейді Билл Гейтс.

Оның сөзінше, мұндай келеңсіздіктермен күресу үшін ықпалды адамдарға, қоғам өкілдері мен беделі жоғары дін басшыларына жүгінуге тура келеді. Билл Гейтс тек ықпалды адамдар ғана тұрғындарға вакцинаның артықшылығын түсіндіре алады деп есептейді.

Еске сала кетсек, миллиардер Билл Гейтс те коронавирус пандемиясының қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Fox News басылымына берген сұхбатында миллиардер пандемия 2022 жылдың соңына қарай аяқталуы мүмкін деді.

"Егер біз проблемаға әлемдік масштабта келетін болсақ, онда 2021 жылда вирус жұқтыру көрсеткішін төмендете аламыз", - деді ол.

Сонымен қатар Билл Гейтс келесі пандемия коронавирустан да жаман болуы мүмкін деп ескерту жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896585-bill-gejts-zini-pandemiaga-katysy-bar-degen-mlimetti-tagy-da-zokka-sygardy/

pixel