Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жел күшейіп, көктайғақ болады: Синоптиктер ауа райы болжамын жария етті

Опубликовано:

Жел
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еліміздің 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) болады, жел күшейіп, көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның қалған аймақтарында әлі де антициклон жотасы әсерін сақтайтындықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман болуы ықтимал.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23 м/с күшейіп, күндіз жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Жаңаөзен мен Теңге ауылында 28 қаңтарда болған дүлей дауыл салдарынан ғимараттардың шатыры опырылып қалғанын жазған едік.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, табиғаттың тосын мінезінен ешкім зардап шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896589-zel-ksejip-kktajgak-bolady-sinoptikter-aua-rajy-bolzamyn-zaria-etti/

pixel