Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейді

Опубликовано:

Алматы
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Алматыда бүгіннен бастап сауда және ойын-сауық орталығы мен кафелердің қалай жұмыс істейтіні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің қызметі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін шектеледі. Ал жексенбі күндері жабық болуы тиіс.

Жеке тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан азық-түлік супермаркеттерінің, азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін, шоттар бойынша төлемді 22:00-ге дейін жапқан жағдайда және ұжымдық іс-шаралар өткізбей жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Олардың толтырылуы 50 пайызға дейін және 50 орыннан артық емес болуы керек. Әр үстел үшін отыратын орынның саны 4-тен аспауы керек.

Ойын-сауық мекемелерінің (банкет залдары, бильярд, компьютер, түнгі және ойын клубтары, караоке, боулинг, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, батуттар, букмекерлік кеңселер) қызметіне тыйым салынған.

Фудкорт үшін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне уақыты бойынша шектеу қойылмастан, тек сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінен тыс жерлерге шығаруға және жеткізуге рұқсат етілген.

Еске салсақ, бұған дейін қаланың бас санитарлық дәрігері қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жаңа қаулыны жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896594-almatyda-sauda-zne-ojyn-sauyk-ortalyktary-kalaj-zmys-istejdi/