Коронавирус белгілері жоқ алматылық науқастар ауруханаға жатқызыла ма
Опубликовано:

Алматыда локдаунның алынып тасталса да COVID-19 жұқтырған адамдар аурудың формасына қарамастан ауруханаға жатқызылады. Мұндай ереже Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында жазылған деп хабарлайды СЭБД ресми сайты.
"Коронавирустық инфекцияның жеңіл және орташа нысандарымен ауыратын науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызуды қаулы етемін", - делінген Алматы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында.
Одан бөлек, қаулыда үй карантинін сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда ауру белгілері жоқ науқастардың да ауруханаға жатқызылатыны жазылған.
Еске сала кетсек, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бұған дейін жарияланған карантинді күшейту туралы қаулының күшін жойғанын жазған едік.
Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің қызметі сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін шектеледі. Ал жексенбі күндері жабық болуы тиіс.
Жеке тұрған және ірі сауда объектілерінде орналасқан азық-түлік супермаркеттерінің, азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат.
Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін, шоттар бойынша төлемді 22:00-ге дейін жапқан жағдайда және ұжымдық іс-шаралар өткізбей жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Олардың толтырылуы 50 пайызға дейін және 50 орыннан артық емес болуы керек. Әр үстел үшін отыратын орынның саны 4-тен аспауы керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896595-almatyda-koronavirus-belgileri-zok-naukastar-da-auruhanaga-zatkyzyla-ma/