RU

Коронавирус: Қазақстан "қызыл" аймақтан шықты

Фото
Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, еліміздің төрт өңірі "қызыл" аймақта тұр. Олардың қатарында Ақмола облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Батыс Қазақстан облысы бар.

Ал Қостанай облысының "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, Атырау облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта орналасқан.

Қазақстанның қалған өңірлері мен қалалары жасыл аймақта.

Жалпы еліміз "сары" аймақта тұр.

Еске сала кетсек. Қазақстанда өткен тәулікте 1259 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 187 970-ке жетті.

Сонымен қатар, Бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Бас санитар дәрігер екпеден кейінгі жағдайымен бөліскен. Қиясовтың айтуынша, вакцина салдырғаннан кейін жайсыздық сезінбеген. Ол екпе салдырғаннан кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болуы керек еді. Алайда шенеунік БАҚ өкілдеріне пікір білдіруге асыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896619-koronavirus-kazakstan-kyzyl-ajmaktan-sykty/