Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар саны 2500-ден асты

Опубликовано:

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулікте 7 адам коронавирустан, бір адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Бірінші ақпандағы мәлімет бойынша, 28 050 адам короновирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 6 414 пациент стационарда, 21 636 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 260 адамның жағдайы ауыр, 52 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Пандемия басталғалы 187 970 адам коронавирус жұқтырды, 2 556 адам қайтыс болды. Бірінші тамыздан бастап 47 874 адам пневмонияға шалдықты, 570 адам қайтыс болды.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 1259 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Павлодар облысында тіркелген.

Оған қоса, Алматыда бұған дейін жарияланған карантинді күшейту туралы қаулының күші жойылды – қаланың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыны жария етті.

Айта кету керек, денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Мәліметке сәйкес, еліміздің төрт өңірі "қызыл" аймақта тұр. Олардың қатарында Ақмола облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Батыс Қазақстан облысы бар. Жалпы еліміз "сары" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896671-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kz-zmgandar-sany-2500-den-asty/

pixel