Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, көктайғақ, жел: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Тұман
Фото: pexels.com

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге - 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Антлантикалық циклонның жырасы Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжиды.

Бұл циклон өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюін, сондай-ақ солтүстік жартысында ауа температурасының көтерілуін әкеледі.

Ал отүстік өңірлерге биік жота әсер етеді, ол жауын-шашынсыз күн шуақты ауа райын әкеледі.

Еске сала кетсек, синоптиктер 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын да ұсынған еді.

Болжамға сәйкес, бүгін еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде) болады, жел күшейіп, көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның қалған аймақтарында әлі де антициклон жотасы әсерін сақтайтындықтан, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман болуы ықтимал.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896672-brkasyn-kktajgak-zel-aldagy-s-knde-elimizde-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel