RU

Тоқаев жүргізуші куәлігін алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жол жүрісі мәселелері бойынша заңға өзгерту енгізетін құжатқа қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 21 қаңтарда парламент сенатының депутаттары көлік жүргізушілері өздерімен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық құжатты алып жүрмеулеріне мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдаған еді.

Жаңа заңға сәйкес, полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің құжатын деректер базасынан тексере алады. Бұл үшін тек жеке куәлік болса жеткілікті. Яғни жүргізушіге құжаттарын ұмытып кеткен жағдайда айыппұл салынбайды.

Алайда шетелдік нөмірі бар көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелден алғандар өздерімен бірге құжаттарын алып жүруі тиіс. Өйткені қазақстандық полицейлер өзге мемлекеттердің деректер базасына кіре алмайды.

Сонымен бірге сенаттың жалпы отырысында ішкі істер вице-министрі интернет жоқ жерде жүргізушілердің құжаттары қалай тексерілетінін айтты. Алексей Калайчиди жол учаскелерінің барлығы бірдей мобильді интернетпен дұрыс қамтылмағанын мойындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896681-tokaev-zrgizusi-kuligin-alyp-zrmeuge-mmkindik-beretin-zaga-kol-kojdy/