Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіне ренжіген әйелі оны бор қышқылымен тамақтандырып келген

Опубликовано:

Тағам
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-та ашушаң әйел өз күйеуінен кек алу үшін оның тағамына бор қышқылын араластырып отырған деп хабарлайды odditycentral.com басылымы.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын Роберт есімді егде жастағы ер адам өткен жылдың қыркүйек айынан бастап әйелі әзірлеген тағамның біртүрлі дәмі барын байқай бастайды.

63 жастағы Роберт кофе ішкеннен кейін немесе ауқаттанып алғаннан кейін өзін нашар сезінетінін түсініп, бұл жайтта бір гәп барын аңдайды.

Ол әйелінен күдіктеніп, ас үйге жан жарынан жасырын түрде бейнебақылау камерасын орнатып қояды. Бір күні әйелі кофе ыдысына ақ ұнтақ сеуіп жатқанын камерадан байқап қалған азамат дереу полицияға жүгінуді ұйғарады.

Тәртіп сақшылары Роберттен кофені әкелуін сұрап, оған арнайы мамандар сараптама жүргізеді. Сарапатама нәтижесіне сәйкес, кофеден улы зат табылған.

Белгілі болғандай, әйелі кофеге бор қышқылын қосқан екен. Мұндай затты әдетте тарақандарды улау үшін қолданады.

Жауап алу кезінде егде жастағы әйелі өз кінәсін мойындады, бірақ ол тамақ пен сусындарға улы затты тек күйеуіне ашуланған кезде ғана араластыратынын алға тартыпты. Ол осылайша күйеуін өлтіруді емес, оған өз қателігін ұғындыруды қалағананын айтып, ақталған.

Қамауға алынған күдікті көп ұзамай кепілге босатылды, сондықтан ол сотты бостандықта күтеді. Бірақ оған күйеуіне ендігәрі жақындауға ресми түрде тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896683-kjeuine-renzigen-jeli-ony-bor-kyskylymen-tamaktandyryp-kelgen/