Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жолдағы көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облыстық полиция дептарментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 31 қаңтар, жексенбі күні Қарағанды облысының Абай ауданында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 35 жастағы ер адам басқарған BMW көлігі Chevrolet автокөлігімен соқтығысып, салдарынан BMW жүргізушісі қайтыс болған.

Онымен бірге тағы төрт адам алған жарақаттарынан көз жұмған. Олардың бірі BMW-де қалғаны Chevrolet көлігінде болған.

Полицияның мәліметінше, болжам бойынша соқтығысуға жол берген жүргізуші көлікті басқара алмай, қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен.

"Chevrolet жүргізушісі жолаушысымен бірге ауруханаға жеткізілген. Олар әртүрлі жарақат алған", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция дептарментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде, сараптамалар тағайындалған.

Ведомство жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және жолда абай болуға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында жол апатынан төрт адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

Полицияның мәліметінше, "КамАЗ 5320" маркалы жүк көлігінің тіркемесі "ВАЗ 2112" жеңіл көлігінің бүйірінен соққан.

Салдарынан жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізуші мен 3 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896685-karagandy-maynda-bolgan-zantrsigerlik-zol-apatynan-bes-adam-kajtys-boldy/

pixel