Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина салдырғаннан кейін не істеуге болмайды: Елордалық маман жауап берді

Опубликовано:

дәрі
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов ОКҚ өткен онлайн-брифингте вакцина салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тимур Мұратовтың айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді.

"Мен 10.00-де вакцина салдырдым, қазір сіздердің алдарыңызда отырмын", - дейді ол.

Шенеуніктің сөзінше, оған вакцинадан кейін екпе орнының ауруы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі сынды жағымсыз әсерлер болуы мүмкін екені жөнінде ескертілген.

"Біз жаднама береміз - ішуге (алкоголь - ред.), үш күн өткенше темекі тартуға, моншаға, саунаға баруға болмайды, яғни денені қыздыруға, салқын тигізіп алуға болмайды. Маған бұл деректің барлығы СМС түрінде келді. Дәрігер өзінің байланыс нөмірін де берді. Егер өзімді нашар сезініп, басым ауырып жайсыздық болған жағдайда хабарласу үшін", - дейді ол.

Жалпы алғанда, маманның сөзінше, таңертеңнен бері вакцина салдырғандар арасында мұндай жағдайлар жоқ. Нұр-Сұлтан бойынша наурыз айына дейін 6300 медицина қызметкеріне екпе егу, осы апта соңына дейін вакцинаның 2 мың дозасын салу жоспарлануда.

Ал таңертеңнен бері қалада неше адамның екпе салдырғаны туралы ақпарат жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, вакцинация ерікті түрде жасалады.

Сонымен бірге ол журналистің екпеден бас тартқан дәрігерлер бар ма деген сауалына бірен-саран ақ халаттының бас тартқанын айтты.

Рүстемова жалпы алғанда жыл соңына дейін астаналықтарға вакцинация жасау үшін (736 мың адам - ред.) шамамен 3 млрд теңге кететінін хабарлады.

"Асқыну болған жағдайда қандай да бір төлемдер қарастырылмаған. Бірақ ТМККК аясында қажетті амбулаторлық немесе станционарлық медициналық көмек тегін көрсетілетін болады. Біз бұл пациентті емдейтін боламыз", - дейді Тимур Мұратов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896694-vakcina-saldyrgannan-kejin-ne-isteuge-bolmajdy-maman-zauap-berdi/

pixel