Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полицейлері электрсамокат және мотоциклмен қатынауы мүмкін

Опубликовано:

Самокат
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жаяу полиция патрульдері электросамокатпен жабдықталады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.

"Жаяу патрульдер санын көбейтіп, оларды электросамокатпен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Автокөлік патрульдері мен жаяу патрульдер қаланың орталық көшелерінде ғана емес, сонымен қатар тұрғын үй аулаларындағы жағдайды бақылайды", – дейді Қанат Таймерденов Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, жаяу патрульдер санының көбеюі қаланың барлық аудандарында қылмыстың төмендеуіне әсер еткен.

Қала әкімінің қолдауымен патрульдік қызметтерді жабдықтау мақсатында жедел жағдайды онлайн режимде қашықтықтан бақылауға және аудио, бейне түсіруге мүмкіндік беретін соңғы буынның жаңа бейнетіркеуіштері сатып алынған.

"Жазда біз саябақтардағы, скверлердегі және жаяу жүргіншілер аймақтарындағы жаяу патрульдер санын көбейтуді болжап отырмыз, соған байланысты тағы 50 жасақты жаяу патрульге ауыстыру жоспарланып отыр. Біз, сондай-ақ осы патрульдерді электросамокаттармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

Бұл орайда орталық көшелердегі кептеліс жағдайында қылмыс немесе жол-көлік оқиғасы болған жерге уақытылы жету туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселені шешу үшін біз патрульдік полицияны мотоцикл құралдарымен жабдықтауды ұсынамыз", - дейді полиция департаментінің басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896735-almaty-policejleri-elektrsamokat-zne-motociklmen-katynauy-mmkin/

pixel