Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда көлік ұрлаумен айналысатын қылмыстық топ құрықталды

Опубликовано:

Көлік ұрысы
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қарағандыда тәртіп сақшылары бірнеше көлік ұрлаған күдіктілерді ұстады деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Өткен жылдың 16 желтоқсанында Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне  белгісіз біреулердің көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан “Nissan” автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан басқа 30 қаңтарда Теміртауда белгісіз біреулер “ВАЗ” автокөлігін ұрлап кетті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері мен Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұрланған көліктерді тапты. Көлікте Қарағанды қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары болды. Олардан заттай айғақтар алынды.

Полиция күдіктілердің осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі мен техқұжатсыз қашаннан бастап жүре алатыны белгілі болды.

Бүгін, 1 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. ұжат әлі ресми түрде күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896754-karagandyda-klik-rlaumen-ajnalysatyn-kylmystyk-top-kryktaldy/

pixel