RU

Елордалық полиция 130 адамға жасалған тойды тоқтатты (видео)

Жас жұбайлар қол ұстасып тұр
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде 130 адамға жасалған үйлену тойы тоқтатылды. Карантин талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Белгілі болғандай, үйлену тойы "FarhiHall" атты ресторан кешенінде өткен. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары көңіл көтеріп жүрген той қонақтарының санитарлық нормаларды сақтамай жүргенін анықтаған. Меймандар арасында әйелдер мен балалар да болған.

Полиция қызметкерлері "Айша Бибі" атты тағы бір мейрамханадағы мерекелік кештің үстінен түсті. Ол жерге 40 шақты адам келген.

Тәртіпті бүзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында іс материалдары тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.

Елордалық мониторингтік топтар өткен демалыста карантин талаптарының бұзылуы бойынша 23 деректі анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896763-elordalyk-policia-130-adamga-zasalgan-tojdy-toktatty-video/