Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ жол" партиясы депутаттың іс-әрекетіне қатысты шешім шығарды

Опубликовано:

Қазыбек Иса
Видеодан кадр: instagram.com/efir.kefir

"Ақ жол" партиясының комиссиясы мәжіліс депутаты Қазыбек Иса бой көрсеткен шулы видеоға қатысты шешім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партияның хабарлауынша, желіде шу тудырған видео комиссиямен зерттелген.

"Партия комиссиясының қорытындысына сәйкес, мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның видеодағы іс-әрекеттеріне қатысты нұсқа расталған" , - деп мәлімдеді партия өкілдері.

Еске сала кетейік, "Ақ жол" партиясы депутатының қатысуымен болған видеожазба қаңтар айының ортасында желіде тарап кеткен еді. Қалың көпшілік Қазыбек Исаның сол кезде мас күйде болды деп топшылаған болатын.

Бұдан кейін "Ақ жол" партиясының басшысы Азат Перуашев мәжіліс депутатына түсініктеме дайындауын талап етіп, комиссия төрағасына жағдайды толығымен зерттеп шешім шығаруын тапсырды.

Қазыбек Исаның өзі болса видеодағы жағдайын қатты шаршап қалмуы мен қан қысыпының көтеріліп кеткенімен байланыстырды.

Желіде қызу талқыланған видеоның авторы болса бұл бейнежазбаны түсіргені үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896765-ak-zol-partiasy-deputatty-is-reketine-katysty-sesim-sygardy/

pixel