Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанша қазақстандық БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын алды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қазақстандықтардың арнайы шотына 49 миллиардтан астам теңге аударды деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

"2021 жылғы 1 ақпанда БЖЗҚ «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уәкілетті операторынан қорға 25 қаңтарда келіп түскен өтініштер бойынша төлем жүргізуді бастады. Жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады" , - делінген хабарламада.

25 қаңтарда, яғни «Отбасы банкі» АҚ-дан өтініштер түскен алғашқы күні жалпы сомасы шамамен 49,2 млрд теңгеге 8 460 өтініш (немесе берілген өтініштердің жалпы санының 82%) тексеруден сәтті өтті. Дәл осы сома «Отбасы банкі» АҚ-ға салымшылардың арнайы шоттарына одан әрі мақсатты пайдалану үшін аударылды.

Азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор «бір терезе» қағидаты бойынша қарайды және арнайы шотқа ақша түскеннен кейін осы мәселелер бойынша БЖЗҚ-ға жекелеген өтініштер талап етілмейді.

Еске сала кетейік, қазақстандықтарға баспана алуға, емделуге немесе инвестиция салуға жұмсау үшін жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы қаражатының бір бөлігін алуға рұқсат етілді. Бұл мүмкіндікті 700 мыңнан астам қазақстандық пайдалана алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896767-kansa-kazakstandyk-bzzk-dan-zejnetaky-zinagyn-aldy/

pixel