RU

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы 16 жасар оқушыны ұрды деп күдіктелуде

Жұдырық
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында бокс жаттықтырушысы шәкіртінің мұрнын бұзды деген күдікке ілінді деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Облыстық полиция департаменінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға осыдан бір апта бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы жаттығу залдарының бірінде болған. Алайда ол туралы енді ғана көпшілікке жария болып отыр.

16 жастағы оқушыны ұрды деген күдікке ілінген бапкер бүгінде қамауда отыр.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды. Аталған факт бойынша "орта деңгейдегі қасақана денсаулыққа зақым келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында анық-қанық жағдайлар анықталуда", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.

Тергеу барысында күдіктінің кінәсі дәләлденсе, бапкер үш жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Облыстық аурухана дәрігерлері болса, жәбірленушінің өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады. Бүгінде зардап шегуші амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген.

Ә. Лесбек

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында белгісіз азаматтар 70 жастағы зейнеткерді ақша үшін соққыға жығып, тонап кеткенін жазған едік.

Жәбірленуші қарияның айтуынша, 14 қаңтар күні шамамен кешкі 22:00 уақытында оның үйіне бетперде киген белгісіз екі ер адам кіріп, соққыға жығып, 7000 теңге көлеміндегі қаржысын алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896802-almaty-oblysynda-boks-zattyktyrusysy-16-zastagy-okusyny-rdy-dep-kdiktelude/