Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетаудағы пәтерден 40 млн теңге сақталған сейф ұрланды

Опубликовано:

Сейф
Көрнекі фото: pixabay.com

Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан арыз келіп түсті, ол белгісіз тұлғалар пәтерден ішінде 40 млн теңге қаражат бар металл сейфті ұрлағанын жеткізді деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департменті.

Облыстық департаменті ақпаратты Instagram-дағы ресми парақшада жариялады.

Тонаушылар кілтті таңдау арқылы пәтерге кірген.

Көкшетау қаласының тұрғыны қомақты ақшаның ұрланғаны туралы хабарлағаннан кейін жедел іс-шаралар барысында бұрын сотталғандар арасында күдікті адамдар анықталды және сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен олардың қылмыстық әрекеті құжатталды.

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында өткізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер ұсталды.

3 адамнан тұратын қылмыстық топ бұрын қылмыстық кодекстің 175-бабы және 259-бабы бойынша сотталған Көкшетау қаласының 42 және 55 жастағы екі тұрғыны және көрші облыстың үшінші тұрғынынан құралған. Заттай дәлелдемелер 10 млн теңге сомасындағы ақша қаражаты алынды.

Ұрланған заттың қалған сомасын анықтау бойынша одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, күдіктілердің ұқсас ұрлықтарға қатысы тексерілуде.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бейнебақылау камераларын пайдалану қылмыспен күресте айтарлықтай көмектеседі, бейнебақылау камералары тиімді профилактикалық құрал болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896805-kksetaudagy-pterden-40-mln-tege-saktalgan-sejf-rlandy/

pixel