RU

Асқар Мамин үкіметтің 2021 жылғы басты мақсаттарын атады

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында 2021 жылға қойылған басты мақсаттарды атады. Үкімет басшысы шағын және орта бизнес экономиканың дамуына елеулі серпін беруі тиіс екенін айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін президенттің тапсырмаларын орындау шаралары бойынша мемлекеттік органдардың ұсыныстарын тыңдадық. Мемлекет басшысының әр тапсырмасын нәтижелі әрі жедел орындау қажет. Қабылданып жатқан шаралар халық пен бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуді, сондай-ақ экономикалық белсенділікті жандандыруды қамтамасыз етуі керек. Жаңа жағдайда шикізаттық емес экспортты проактивті дамытуға және инвестицияларды нысаналы тартуға бағдарланған өзін-өзі қамтамасыз ете алатын және әртараптандырылған экономиканы дамытуға назар аударымыз қажет», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы шағын және орта бизнес экономиканың дамуына серпін беруі тиістігін, ол үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін баса айтты. Денсаулық сақтау және білім беру жүйелерін, инфрақұрылымды және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға ерекше назар аудару керектігінатап өтті.

«Үкіметтің 2021 жылы басты мақсаты экономикалық өсуді 3 пайыз қамтамасыз ету, негізгі капиталға инвестицияларды 20 пайызға дейін, жалпы ішкі өнімді және шағын және орта бизнестің үлестерін 30 пайызға ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,4 есе, өңдеу өнеркәсібін – 10 пайыз арттыру, жұмыссыздықты 4,9 пайызға дейін қысқарту болып табылады», - деді премьер-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896829-askar-mamin-kimetti-2021-zylgy-basty-maksattaryn-atady/