Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік матрезервтер комитетінің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Опубликовано:

Иманалиев
Фото: primeminister.kz

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды тұлғалары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды деп хабарлайды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Telegram-дағы ресми арнасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 22 адамға қатысты 6,5 млрд теңге көлемінде аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.

Нақтырақ айтсақ, "Резерв" РМК филиалдарының Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі – ММРК) лауазымды тұлғалары мен азық-түлік жеткізушілері сотта жауапқа тартылған.

1 ақпан күні Алматы қаласы Алмалы ауданы сотының үкімімен 21 сотталушы бас бостандығынан айырылса, және біреуіне бас бостандығын шектеу жазасы кесілген.

ММРК-ның экс-төрағасы Иманалиев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы мемлекет басшысына ұсыныс енгізілді. Атап айтқанда, "Құрмет" ордені, "Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", медальдарынан айыру ұсынылған.

Сотталушыға қатысты үй қамауы үкім заңды күшіне енгенге дейін сақталды, үкім күшіне енгеннен кейін ол қамауға алынады.

ММРК Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Мақашев болса, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал "Резерв" – "Высота" РМК филиалының директоры Жақанов пен бөлім бастығы Родин, сондай-ақ "Резерв" – "Сигнал" РМК филиалының директоры Ғалиев сегіз жылға бас бостандығынан айырылды;

Аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметтен өмір бойына аластатылды.

"Резерв" – "Высота" РМК филиалы директорының орынбасары Құсайыновқа екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Азық-түлік өнімдерін жеткізушілер Адамов, Дроздецкая, Тартуманов, Рашитов, А.Сабазов А., О.Сабазов, Абдукаримов, Бақаев, Ғабдуллин, Садай, Исаев, Б.Қожанов, Д.Қожанов, Қанатхан, Мұстафинов, Оспанов сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896837-memlekettik-matrezervter-komitetini-bryngy-bassysyna-sot-kimi-sykty/

pixel