RU

Президент тапсырмасы: Жергілікті қамтуға қатысты өңірлерде тексеру өткізіледі

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Жергілікті қамтуға қатысты өңірлерде көшпелі тексерулер өткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Президенттің жергілікті қамту үлесіне қатысты сынына орай өңірлерге көшпелі тексерулер ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен Жұмыс тобы ұйымдастырылады.

Отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолданылуын растайтын барлық конкурстық құжаттар тексеріледі.

"Бүгінгі таңда жергілікті қамту үлесінің көрсеткіштері Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында төмен болып отыр. Бұл ретте, өңірлерге қатысты нақты көріністі тексеру қорытындылары бойынша көреміз", - деді ол.

Министр Жұмыспен қамту жол картасының аясында 7 өңірде отандық өнімдерді қолдану көрсеткіші 90 пайыздан төмен екендігін баса айтты.

"Атап айтқанда, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау (80%), Қостанай, Павлодар облыстарында және Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Айта кетейік, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды тұлғалары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 22 адамға қатысты 6,5 млрд теңге сомасында аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Нақтырақ айтсақ, "Резерв" РМК филиалдарының Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің (бұдан әрі – ММРК) лауазымды тұлғалары мен азық-түлік жеткізушілері сотта жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896841-prezident-tapsyrmasy-zergilikti-kamtuga-katysty-irlerde-tekseru-tkiziledi/