RU

Қазақстанда коронавирустың "қызыл" аймағы өзгерді: Қандай өңірлер енді

Тәжвирус карантин
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

  • "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта: Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы
  •  "жасыл" аймақта: қалған өңірлер мен қалалар.

Жалпы Қазақстан "сары" аймақта тұр.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 189 131 адам коронавирус жұқтырды, 2 559-ы қайтыс болды.

Айта кетейік, елде вакцинацияланған азаматтардың иммундық мәртебесін QR-код арқылы білуге болады. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

"Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін e-govМobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол AShYK медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелерден азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код арқылы тексеруге ұсыну үшін КВИ-ға қарсы вакцинациядан өткені туралы деректер де жинақталады", - деді министр.

Еске салайық, Нұр-Сұлтандағы дәрігерлердің барлығы екпе алуға келісіп жатқан жоқ. Алғашқы кезеңінде қалада жоспармен 6 мыңнан астам дәрігер ресейлік вакцинаны салдыруы тиіс болған. Біреулер денсаулық жағдайын алға тартса, кейбірі наурыз, сәуір айына дейін күте тұруды жөн санапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896857-kazakstanda-koronavirusty-kyzyl-ajmagy-zgerdi-kandaj-irler-endi/